Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде жаңа серпін алып, конституциялық мәртебеге ие болды. Президент «Ассамблея ортақ құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде барша Қазақстан азаматтарын біріктіретін жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек» де атап өтті. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ассамблеяның XXXIII сессиясында айтты.
Отырыс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясын талқылау шеңберінде өрбіді. Ол жайында облыс басшысы жиынның Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге орайластырылғанын атап өтті.
«Бүгінгі сессия отырысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жылдығы аясында өтуде. Консультативтік кеңесші орган ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына Қостанай облысында 50-ден астам этнос өкілі бейбіт өмір сүріп, әрқайсысы өңірдің табысты дамуына өз үлесін қосып отырғанын зор мақтанышпен айта аламыз», – деді облыс басшысы Құмар Ақсақалов.
Мысалы, облыстың жетекші оқу орындарының базасында А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, ЧелМУ, ҚИнЭУ және Қазтұтынуодағы колледжінде Жастар ассамблеясының 4 қоғамдық филиалы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Осы тарапта жерлестеріміз Борис Князев, Сайран Бұқанов және Алмат Тұрсынов «Қазақстанның Еңбек ер» атағының иегерлері атанды.
Олар Отанға жауапты азаматтығы мен жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі бола білді. Қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін Салават Вальшин пен Рафаил Гаджибаллаев «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы жерлестерімізге мемлекеттік наградаларды жеке табыс етті. Қалқаман Жақып «Құрмет» орденін, Ольга Киколенко «Ел бірлігі» орденін алды.
«Бұл бәріміз үшін үлкен мәртебе. Ел Президенті алдымызға бірлік пен келісім идеяларын ілгерілету жөнінде нақты міндеттер қойды. Облыс әкімдігінің бастамасымен Қостанай драматеатрының сахнасында өтіп жатқан «monofest» халықаралық моноспектакльдер фестивалі бірлік қағидатын іске асырудың жарқын мысалы болды. Чехия, Германия, Черногория, Армения, Израиль, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының қатысуы іс-шараның жоғары мәдени деңгейін және оның этносаралық және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейту үшін маңыздылығын растайды. Бұл құнды мәдени бастама және біз оны дамытуды жалғастырамыз», – деді облыс әкімі ол туралы.
Жиында ҚХА-ның 30 жылдығына байланысты мәселелер, бірлік пен келісімді нығайтудағы, этносаралық қатынастарды дамытудағы Қостанай облысының жетістіктері мен нәтижелері талқыланды.
Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналды. Бұл қазақ мемлекеттілігі қалыптасып, даму кезеңде терең саяси мәнге ие. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Сенат Парламентінде «АСАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МАСЛИХАТ» атты жоба негізінде, Қазақстан парламентаризмі тарихында алғаш рет «Бір ел – бір мүдде» атты палатааралық депутаттар тобы құрылған болатын. Облыстық мәслихат депутаты Ғайния Есеева осы топтың жұмысымен таныстырды.
Топтың басты мақсаты – қоғамдағы ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және ескерту, өңірдегі экономикалық саяси дамуды халыққа терең жеткізу.
«Құрылған екі жыл ішіңде қоғамдық даму басқармасымен «Қоғамдық келісім» және Қостанай облысы бойынша ҚХА бірлесіп жұмыс жоспары негізінде орындап келеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен қатар Жұмысшы мамандықтары жылын өткізіп жатырмыз. Біз тек ҚХА бастамаларын қолдап қана қоймай, аймақтың өміріне белсенді араласамыз, еңбек ұжымдарына барып, қоғаммен ашық диалог жүргізіп, жергілікті жерлерде жұмыс істейміз», – деді Ғайния Есеева.
Қазақстан халқы ассамблеясы базасында қазақ тілін үйренуге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тілдік бастамалар белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Бес жылдан бері Қостанай облысының «Мәміле: ситуативті қазақ тілі» атты сөйлеу тәжірибесі клубы табысты қызмет атқарып келеді. Ол жөнінде қазақ тілінде жастарға білім беріп келе жатқан Дмитрий Ромащенко айтып берді.
«Бұл клуб – кез келген ниет білдірушіге ашық алаң. Осы уақыт ішінде оффлайн клубтағы тыңдаушыларының саны әртүрлі ұлт пен жастағы 42 адамды құрады. «Мәміле» курсының ерекшелігі – оның тәжірибелік бағыттылығы. Курс мазмұны тыңдаушылардың сұранысы бойынша құрастырылды. Біз заманауи әдістемелерді, ойын элементтерін, аудио және бейнематериалдарды қолдана отырып, оқыту процесін қызықты әрі тиімді етуге тырысамыз», – дейді ол.
Сабақ оның жеке Tik-Tok аккаунтында тікелей эфирде өткізіледі. Бір сабақ барысында эфирді орта есеппен жүз отыз көрермен тамашалайды. Тікелей эфирде көрермендердің сұрақтарына топпен бірге жауап беріледі. Ол түсірген оқыту бейнежазбалары осы жыл ішінде жүз жиырма бес мың қаралым жинап отыр.
Жиында Шешен-Ингуш, Өзбек қауымдастықтарының өкілдері де сөз алды.
«Өзбек этномәдени бірлестігі атынан жаңа бастама ұсынғым келеді: біз мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этностардың балалары арасында облыстық конкурс өткізуді ұсынамыз. Мақсатымыз — қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті ынталандыру және бала кезінен азаматтық бірегейлікті нығайту. Біз Қостанай облысының жоғары оқу орындарында оқуға арналған байқау жеңімпаздары үшін гранттар қарастыруды ұсынамыз. Бастама қолдау тауып, жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз», – деді жиында Өзбек этномәдени бірлестігі төрағасы Рихсибай Мамедов.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өз мерейтойлық жылын шынымен жарқын және қарқынды бастады. Облысымыздың этномәдени бірлестіктері түрлі форматта 70-тен астам іс-шара өткізді. Бұл – жанды жұмыстың, қатысудың және қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылыстың дәлелі. Мереке эстафетасын корей қауымдастығының достары бірінші болып қабылдады, олар өздерінің бірігуінің 35-жылдығын дәстүрлі ұлттық Сольналь мерекесімен атап өтті. Бұл корей мәдениеті мен оның тамырына деген құрметке толы түрлі-түсті және жанды оқиға болды. Содан кейін эстафетаны «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы қабылдады, ол өзінің 30 жылдығын лайықты атап өтті, Кавказ дәстүрлерінің байлығын және бірліктің ортақ ісіне қосқан үлесін көрсетті.
Бұл түрлі этностардың адамдарын біріктіріп, ортақ үйде тату тұратын сезімін нығайтты. Көктемнің жарқын оқиғаларының қатарында «Эребуни» армян этномәдени бірлестігі ұйымдастырған «Ана мен сұлулық күні» дәстүрлі мерекесі бар. Ол әйел мен ананы құрметтеудің нағыз әнұранына айналды. «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі өзінің 30-жылдығын үлкен концертпен атап өтті. Іс-шара барысында ата-бабалар мәдениетіне деген терең сүйіспеншіліктің және біздің ортақ қазақстандық отбасымызға құрмет көрсетудің көрінісі айқын сезілді.
Кеңес барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды.
Мерейтойлық медальмен марапатталғандардың қатарында түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері, қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының өкілдері бар. Олар – этносаралық келісімді нығайтуға, Ассамблея жұмысына белсене атсалысқан азаматтар.
Марапатталған азаматтар төмендегідей:
Ақжан Алтыбаева – Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары.
Жанұзақ Аязбекұлы – Ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
Сергей Григорян – «Эребуни» армян этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары.
Ольга Евдокимова – ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі.
Сайлаубек Ещанов – облыстық мәслихат төрағасы, Ассамблея мүшесі.
Татьяна Зуева – Аналар кеңесінің мүшесі.
Жанар Ибрагимова – ҚР Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің аға көмекшісі, Аналар кеңесінің мүшесі.
Юрий Ивлев – «Русская община» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ассамблея мүшесі.
Ольга Киколенко – «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің Қамқоршылар кеңесі мүшесі.
Василиса Ким – Қостанай корей этномәдени орталығының мүшесі.
Сейітбек Қуанышбаев – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры.
Гүлвира Құдайқұлова – облыстық Ассамблея жобаларының меценаты.
Наталья Козлова – Меңдіқара ауданы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары.
Дмитрий Легкий – ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі.
Рихсибай Мамедов – Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, Ассамблея мүшесі.
Светлана Обухова – белорус этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Раздолица» ансамблінің жетекшісі, мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері.
Байаман Таалайбекуулу – «Асаба» қырғыз қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ассамблея мүшесі.
Иван Ткаленко – «Орынбор казактары» Қостанай қауымдастығының төрағасы.
Любовь Фролова – «Қостанай облыстық украин қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары.
Таус Хайдукаева – «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы төрағасының орынбасары.
Айбек Шалғымбеков – Қостанай облыстық ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі.
Бұл марапат – еліміздің этносаралық татулық пен қоғамдық келісімге негізделген тұрақтылығы жолындағы табанды еңбектің бағалануы.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев