13 июня, 2025
Қостанайда 60 оқушы «Алтын белгіле» үміткер Фото: inbusiness.kz

Қостанайда 60 оқушы «Алтын белгіле» үміткер

Осы аптада оқу жылы аяқталады. Оқу-ағарту министрлігінің ұсынымына сәйкес қала мектептерінде соңғы қоғырау, мектеппен қоштасу іс-шарасы 23 мамырда өтеді. Бұл жайлы әкімдікте өткен аппараттық кеңесте қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева баяндады.
Аталған күні қаланың барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма» тақырыбында Бірыңғай сынып сағаты және 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарланған.

«Қорытынды емтихандардың уақыты белгілі. –сынып оқушыларына арналған емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, ал 11-сынып оқушылары 30 мамыр мен 16 маусым аралығында емтихан тапсырады. Ал 9-сынып тіріушілеріне аттестаттарды табыстау рәсімі 13 маусымда, 11-сынып бітірушілеріне – 19 маусымда өткізіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Білім беру бөлімі мен білім беру ұйымдарының басшылығы тарапынан жастар көп жиналатын орындарда – саябақтарда, скверлерде, жағалауларда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кезекшілік ұйымдастырылады», – деді Гүлсім Оразбаева.

Жайлы мектептердің ашылуы орын тапшылығын 28 пайызға қысқартып отыр. Десекте 7320 орынға тапшылық бар. Осы жылы Юбелейный шағын ауданыда ашылған жаңа бөбекжай мен жеке бақшаны қоса алғанда мемлекеттік тапсырысты орындау есебінен 583 орынға балалар жайғасқан. Осылайша мектеп жасына дейінгі балалардың кезектілігін 2 жастан 6 жасқа дейін 21 пайызға қысқартуға мүмкіндік туған.

«Биыл «Алтын белгіге» 60 үміткер, үздік аттестатқа 74 үміткер бар. Ал 9 сынып оқушылары арасында үздік аттестатты 132 оқушы алады. Алдын ала деректер бойынша 2024-2025 оқу жылында оқыту сапасы өткен жылмен салыстырғанда 3% артады. Өткен жылы 57,3% болса, биыл 60,7% болады деп күтілуде», – деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ, биыл 755 млн теңгеге №122 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қаржы екі жылға бөлінген, ал биыл 330 млн теңге иегрілуі керек. Ал 7 мамырда шартқа сәйкес №6 бөбекжайдың күрделі жөндеуі аяқталуы керек еді. Жөндеу жұмыстары үш жыл жүргізілген. Алайда күн райының қолайсыздығына байланысты көгалдандыру жұмыстары, басқа істер бітпей қалған. Мердігер уақытты 31 мамырға дейін созып отыр. Бұл балабақшаға 910 млн 375 мың теңге бөлінген. Ал қала әкімі Марат Жүндібаев бөбекжай жөндеуі үшін үш жылдың тым көп екенін айтады.

«Бұл құрылыс емес қой. Күрделі жөндеу. Облыстық білім бөліміне хат әзірлеу қажет. Үш жыл бойына жөндеу жүргізу деген қайдан шыққан? Бір жылдың ішінде аяқталуы тиіс. Алдағы уақытта қатаң ескеріңіздер», – деді қала әкімі.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразабаева құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау шеңберінде қалалық мектептердің барлығы қажетті қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылғаннын атап өтті. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментімен және полициямен бірлесіп жасөспірімдер көп жиналатын орындарға, яғни саябақтар, скверлер, жағалауларға рейдтер кестесі жасалған деді.

Сералы МЫРЗАБАЙ