Қостанайда құны 1 миллион теңгеден асатын бұйымды қолды еткен ұры ұсталды

Қостанайда құны 1 миллион теңгеден асатын бұйымды қолды еткен ұры ұсталды

Қазір күдікті уақытша ұстау мекемесіне қамалды.

45 жастағы қылмыскер бір айдың ішінде бес тұрғын үйге ұрлыққа түскен.

Ол үйлерге есіктер мен терезелерді бұзып, көбіне алтын бұйымдар мен компьютерлік техникаларды үптеп кетіп отырған. Күдікті Қостанай мен Тобыл қалаларында қаскүнемдік жасап жүріпті.

“Біз оны жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұстадық. Сол кезде оның қолында ұрланған ноутбук болды. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды.  7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін, – дейді Қостанай қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Асқар Мусин.

Полиция азаматтардан бейнебақылау камераларын, сондай-ақ күзет-дабыл құралдарын орнату арқылы өз мүліктерін қорғауды  сұрайды.

Жаңалықтармен бөлісу