Қостанай тұрғынына қоғамдық орынға дөреке сөз жазып қалдырғаны үшін айыппұл салынды

Қостанай тұрғынына қоғамдық орынға дөреке сөз жазып қалдырғаны үшін айыппұл салынды

Қала тұрғыны өз қармағын ұрлаған белгісіздерге қаратып плакатқа  қарғыс жазып қалдырған. Ол өзі жолдаған жазуда дөрекі сөз қолданды, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”. 27 шілдеде Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша Қостанай тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 21 шілдеде Әл-Фараби даңғылындағы 43 үйдің жанындағы қоғамдық орынға, атап айтқанда “мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық” АҚ тестілеу залының кіреберісіне әдепсіз мазмұндағы мәтіні бар картон фрагментін орналастырғаны анықталды. “Құқық бұзушы өз әрекеттерімен қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдірді”, – деп атап өтті сотта. Сотта азамат кінәсін мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 48300 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде өндіріп алынады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу