Қостанайда бейнебақылау камераларының көмегімен үй ауласында жұбайын пышақпен бірнеше рет жарақаттаған ер адам ұсталды.
16 маусымда 102 пультіне Қостанай қаласы аудандарының бірінің ауласында 47 жастағы мас ер адам жанжал кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ер адамның көлікпен қашып кеткенін анықтады.
“Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады. Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында “Ұстау” жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды. Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойгүл Жанатова көшелердің бірінде “Джили” маркалы көлігін көрді. Полицейлердің келісілген әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды”, – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазіргі уақытта жапа шегуші 41 жастағы әйел қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.
Осы лерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы 1-тармағы бойынша (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.