ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің базасында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарашылары «Кәсіби қазақ тілі» курсынан өтті. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті хабарлайды.
Мемлекеттік тілде кәсіптік істі тереңдетіп зерделеу мақсатындағы курсты ҚР ҰҚК Шекара академиясының профессоры подполковник Г.Мамаева жүргізді. Тіл үйрету үрдісі әдеттен тыс форматта ұйымдастырылды. Әдістемелік ерекшелігінің қатарына пікірталастар, семинарлар, грамматикалық, лексикалық нормаларды терең зерттеу кіреді.
Мұндай оқу курсы Қостанай облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сабақ жоспары аяқтағаннан кейін әрбір шекарашыға жоғары деңгейдегі мемлекеттік тілді игергені жөнінде сертификат табысталды.