“Қостанай таңы” газеті жақында тұрақты оқырмандарын арасында ұтыс ойынын өткізген еді. Бүгін редакцияда ұтыскерлердің алғашқы жүлдесі тапсырылды.
Осымен екінші рет өткізіген ұтыс ойынының жүлдегерлерінің бірі – Лисаков қаласының тұрғындары Теміровтер отбасы. Түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылған ұтыста аталған жанұяға сэндвич пісіргіш бүйырды. Бүгін бұл жүлде “Қостанай таңы” газеті жанындағы Әлеуметтік-эпирикалық зерттеу орталығында қызмет ететін білікті маман, жеңімпаздар отбасының мүшесі Темір Әміровке табыс етілді.
“Әке-шешем зейнеткерлер. Бірақ әкем әлі күнге дейін жұмыс істейді, “Дон Мар” компаниясының қызметкері. Бастысы, олар “Қостанай таңы” газетінің ұзақ жылдан бергі тұрақты оқырмандары. Сонықтан бүкіл өңір оқитын газеттің бір сыйлығы менің отбасыма бұйырғаны елеулі бір оқиғаны болғаны сөзсіз. Ғасырдан астам тарихы бар басылымның бұл бастамасы оқырмандарын ынталандыруға жақсы бір себеп тапты деп ойлаймын. Қоғам үніне айналған газетіміз жасай берсін!” – дейді Темір Әміров.
Айта кетуіміз керек, Темір әлеуметтік зерттеу орталығының аға маманы. Ол мұнда он жылдан астам қызмет етіп келеді. Білікті маман Германия және Сингапурда заманауи компьютер техногоиясының ғылыми процестегі ықпалы жөнінде білім алған. Темірдің өңірлік әлеуметтік-саяси үдерістер мониторингінде қолданылатын бағдарламаларға алған патенті бар. Жоғары біліктілігі бар маманның ұжымдағы абыройы да биік. Ұтысқа кенелген отбасыны құттықтаймыз.
Айта кетерлігі, ұтыста жолы болған оқырмандарымыздың барлығына тиісті жүлдесі міндетті түрде табыс етіледі.
Суретті түсірген – Ерасыл ТАЛҒАТҰЛЫ