“Қостанай таңы” газетінің ардагер қызметкері дүние салды

“Қостанай таңы” газетінің ардагер қызметкері дүние салды

Облыстық “Қостанай таңы” газетінде 40 жыл қызмет еткен Мәрияш Дөңасарова апамыз 80 жасында өмірден озды.

Мәрияш Есболқызы газетімізде 1965-2005 жылдар аралығында жұмыс істеді. Редакцияға мәтін теруші болып орналасып, басылымның мүддесі жолында ұзақ жылдар қызмет атқарған.

Апамыздың туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтып, марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын демекпіз.

Жаңалықтармен бөлісу