Қостанай құрылыс колледжінің студенттері әлеуметтік қосымша ойлап тапты

Қостанай құрылыс колледжінің студенттері әлеуметтік қосымша ойлап тапты

Цифрлық технологиялар қоғам мен бизнесте шешуші рөл атқаратын қазіргі әлемде жастар  ақыл-ойлар инновацияны ұмтылып келеді. Жуырда колледж студенттері оқу ісінде жетістікке жетіп қана қоймай, іскерлік байланыс парадигмасын өзгертетін әсерлі «BUSINESSLINKUP» қосымшасын  құрастырып шықты.
Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Әмір Ахметов және Әнуар Ибрашев алғашқы Қазақстандық әлеуметтік желіні құру идеясы өндірістік практикадан өту кезінде пайда болғанын айтады. Осылайша, WEB-жобаларды әзірлеп, құру жобаларын жалғастыра берді.

“Жоба тұжырымдамасы мемлекеттік құрылымдарды біріктіруге, оларға Пресс-релиздер орналастыруға және өңірлердегі маңызды да өзекті оқиғалар туралы азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Онда өңірлік үдерістерді тиімді басқаруды қамтамасыз ете отырып, өз әріптестерінен жедел мәліметтер ала алатын басшыларға ерекше назар аударылады”, – дейді қосымшаны құрастырушылар.

Студенттердің пікірінше, бұл функция оқиғаларға жедел әрекет ету және маңызды шешімдер қабылдау үшін кеңістік жасайды.

“Жобада Қазақстанда ақпарат алмасу үшін инновациялық және ыңғайлы кеңістік құруға ұмтыла отырып, заманауи технологиялар мен әзірлеу әдістерін белсенді қолданылды.
Бұл тәжірибе ақпараттық технологиялар саласындағы құнды білім мен дағдыларды беріп қана қоймай, оларға сәтті жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдары мен өндірістің тығыз ынтымақтастығының пайдасы тиді. Бұл әлеуметтік желі ақпарат алмасуда ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді арнасы бола алады”, – дейді жоба жетекшісі, арнайы пәндер оқытушысы Динара Сейітжанова.

Жаңалықтармен бөлісу