Қостанай қаласының құрамасы шағын футболдан облыс кубогын иеленді

Қостанай қаласының құрамасы шағын футболдан облыс кубогын иеленді

Қостанайлықтар  финалда Қостанай ауданының командасын 4:2 есебімен жеңді.  Лисаков қаласының ойыншылары Қарасу ауданынан 2:1 есебімен алға шығып, қола жүлдені иеленді.
Қостанай қаласы командасының ойыншысы Ерлан Бисембаев  «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді. Осы командадан Евгений Берестов  «Үздік қақпашы» танылды. Лисаковтық  Ердәулет Меңдіғалиев  «Үздік қорғаушы» атанса, Қостанай ауданынан қатысқан Артем Дели «Үздік шабуылшы» болды.

Тобыл қаласында ерлер  арасында өткен жарысқа  облыстың 18 өңірінен 216 спортшы қатысқанын айта кетейік.

Жаңалықтармен бөлісу