Қостанай қаласының  әкімі иесіз қалған ғимараттарды мемлекет меншігіне өткізуді тапсырды

Қостанай қаласының  әкімі иесіз қалған ғимараттарды мемлекет меншігіне өткізуді тапсырды

Ондай нысандар, біріншіден балалардың қызығушылығын оятса, екіншіден қаңғыбас адамдардың басыбайлы мекеніне айналғаны жасырын емес.

Марат Жүндібаев қаңырап қалған тоғыз ғимаратты атады.

“Мирошниченко көшесі 6 мекен жайында орналасқан ғимараттың өртеніп кеткеніне 2 жыл болды. Бәрі иесі барын айтады. Бірақ, сол көшенің балалары ойнап жүр. Құдай сақтасын, ертең қандай да бір жұқпалы ауру тарап кетпесіне кім кепіл. Басқа да оқыс жағдай орын алуы мүмкін. Сол көшедегі №16 үйді жер қатынастары бөлімі 2020 жылы алуы керек еді. Үйде тек бір ғана тұрғын қалған, оған қаржылай өтемақлы төлеп, көшірдік. Содан бері қаңырап тұр. Жер қатынастар бөлімі басшысы бұл сіздің құзырыңыздағы іс. Тезірек шаруаға кірсіңіз. Қонайға бара жатқан жолда Рудный тас жолының 12-ші шақырымында да бос ғимараттың тұрғанына біраз уақыт болды. Не қоршауы, терезесі, иесі де жоқ. Қараушысы табылмаса, иесіз деп тану қажет. Оған керек болмаса, қолынан іскелетін өзгеге береміз. Кәдеге жаратудың көптеген жолы бар”, – деді Марат Жүндібаев.

Қала әкімі бас-аяғы қаңырап тұрған тоғыз ғимаратты атады. Кей нысанның иесі бар болғанымен, ешқандай шара қолданбай отырғанын жекізді. Жыл соңына дейін Алтынсарин көшесіндегі монолитті ғимарат пен Мирошниченко көшесіндегі екі ғимарат сүрілуі керек екенін айтты. Сондай-ақ, қала әкімі құрылыс, ТКШ, жер қатынастары бөлімдеріне бір апта ішінде қараусыз қалған нысандарды жою жөнінде іс-қимыл жоспарын құруды тапсырды.

Сералы МЫРЗАБАЙ

 

Жаңалықтармен бөлісу