Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар бес эпизод бойынша қылмыстық жазаға тартылып отыр.Қостанай ауданының екі тұрғыны екі ай бойы бірлесіп әрекет етіп келген.
Екі пәтерге терезелерін сындырып кіріп, ақша мен алтындарды ұрлаған. Салынып жатқан үш нысанның құлпын бұзып, қымбат құралдарын қолды қылған.
Ұрылар осы тәсілмен 4 миллион теңгеден астам пайдаға кенелмек болған. Ұрланған заттарды Қостанай және Рудный қалаларының ломбардтарына тапсырып отырыпты.
“Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті де өз кінәларын мойындады. Бұған дейін олар автокөлік ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын”, – дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Негмет Исмағұлов.
Ведомствода азаматтарға өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажеттігін ескертеді.