Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясына белсене қатысты

Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясына белсене қатысты

Жыл сайын мектеп қарсаңында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Осыған орай, ТЖД көп балалы қызметкерлерінің отбасыларына ақшалай көмек берілді.

Бұдан бөлек, департамент қызметкерлері тарапынан  Рафиса Рашидқызы Көбекбаеваның отбасына ерекше назар аударылды. Балаларға мектеп кеңсе тауарлары мен киім- кешек, сөмке сатып алынды.

Балалар риза болды, ал туыстары тарапынан көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс айтылды. Бүгінгі таңда, облыс бойынша департамент қызметкерлерінің көп балалы 27 отбасына ақшалай көмек берілді. Игі бастамаға ардагерлер кеңесі де үлес қосты.

ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, олар үшін «Мектепке жол» акциясы жақсы дәстүр. Маман иелері игі іс- шараға белсене қатысып, сол арқылы өскелең ұрпақты қолдау дәстүрін ұлықтады. Департамент қызметкерлері балаларға жазғы демалысты қызықты өткізіп, алдағы оқу жылын сәтті бастауға тілек білдірді.

Жаңалықтармен бөлісу