Қостанай облысының командасы “Әбіш оқулары” республикалық конкурсында жалпы командалық 2 орынды иеленді

Қостанай облысының командасы “Әбіш оқулары” республикалық конкурсында жалпы командалық 2 орынды иеленді

Ақтау қаласында «Әбіш оқулары» республикалық байқауы өтті. Қостанай облысы атынан Аманкелді, Жітіқара аудандары мен Рудный қаласының оқушылары қатысып, облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанды.

Осы байқаудың нәтижесі бойынша Рудный қаласы  Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушылары (Саденов Диар, Әбдісаматов Бақытжан, Бекдуллаев Олжас, Анарбеков Жолдасбек) «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша бірінші орын иегерлері атанды.

Аманкелді ауданы  Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Есенғалиқызы Сабина «Прозалық және поэзиялық шығармалары бойынша мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша 3 орын алды.

«Суреттер салу» номинациясы бойынша «Жітіқара ауданы №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Юлдашева Зарина 3-орынға ие болды.

Қостанай облысының құрамасы жалпы есепте 2-орынға ие болды.

Байқауға қатысушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды құттықтаймыз (Уатқанова Бақыткүл Жұмабекқызы, Жанділдина Нұрлыгүл Жәнібекқызы, Сарбасова Жұлдызай Самұратқызы, Қызыров Ғабит Сәбитұлы).

Облыстық білім басқармасы

Жаңалықтармен бөлісу