Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні ең алдымен еліміздегі тыныштық пен үндестік, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл мереке ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Облыс тұрғындары мен азаматтарына Тобыл-Торғай өңірін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Әр отбасына амандық пен игілік тілеймін!

Жаңалықтармен бөлісу