Қостанай облысының әкімдігі тұрғындарға ескерту жариялады

Қостанай облысының әкімдігі тұрғындарға ескерту жариялады

Соңғы уақытта алаяқтардың облыстық әкімдік өкілдерінің атынан әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Одноклассники, Фейсбук тағы да басқа желілерде) жалған парақшалар ашып, немесе WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы лауазымды тұлғалардың атын жамылып тұрғындардың қаржысын жымқыру фактілерінің жиілегені жайлы ақпарат тарауда.

“Облыс тұрғындарын алаяқтардан сақ болуға шақырамыз! Күмәнді сілтемелер арқылы сенімсіз сайттарға өтпеңіздер, тексерілмеген аккаунттарға сенбеңіздер. Ешкімге де қаржы аудармауларыңызды сұраймыз. Көңілге сенімсіздік ұялататын жағдайларды байқасаңыз бірден құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Жақындарыңызға алаяқтардың осы әрекеттері жайлы ескертіп, оларды да қорғауға тырысыңыз.
Алаяқтардан сақ болыңыздар!” – делінген хатта.

Фото: https://en.m.wikipedia.org/wiki/File:%D0%90%D0%BA%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D1%82_%D0%9A%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B9.jpg

Жаңалықтармен бөлісу