Тобыл өңірінде жыл соңына дейін барлығы 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл өткен жылдың деңгейінен 11,4% артық. Осы жөнінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Құмар Іргебайұлы ақпарат бере өтті.
Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, аудандарда да жүргізілу үстінде. Бұл мақсаттарға 28,6% өсіммен 27 млрд теңге бөлінген.
“Қостанай жастары” тұрғын үй бағдарламасы өңірде іске асырылуда. 2022 жылы ол облыс орталығында 700 млн теңгеге пилоттық режимде іске асырылды. Ағымдағы жылы география кеңейтіліп, қаржыландыру сомасы 3 есе ұлғайды. Қазірдің өзінде 2,1 млрд теңге бөлінді. Кем дегенде 140 адамды қамту жоспарлануда” , – деді брифингтегі баяндамасында аймақ басшысы Қ. Ақсақалов.