Бүгін қалың тұманға байланысты сағат 08:30-дан бастап республикалық маңызы бар жол учаскелерінде көлік қозғалысын шектеу және жабу туралы шешім қабылданды.
-Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” Р-36 тас жолының 8-216 шақырымы (Тобыл қаласынан Октябрь ауылына дейінгі аралық);
– “Екатеринбург-Алматы М-36 тас жолының 463-539 шақырымы (Қостанай қаласынан Федоров ауылына дейінгі аралық);
-“Екатеринбург-Алматы” М – 36 тас жолының 589-683 шақырымы (Щербаков ауылынан Сарыкөл ауылына дейінгі аралық) көліктің барлық түрі үшін жабылды.