Қостанайда жезөкшелер ұясы әшкере болды (ВИДЕО)

Қостанайда жезөкшелер ұясы әшкере болды (ВИДЕО)

“STOP-Трафик” операциясы барысында Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жезөкшелік және “жеңгетайлықпен” айналысу үшін астыртын үй-жай ұйымдастыру дерегін анықтады. – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саунаның 57 жастағы әкімшісі күдікті ретінде ұсталды. Тәртіп сақшылары оның облыс орталығындағы сауналардың бірінде “жеңгетайлықпен” айналысқанын анықтады. Ол ұзақ уақыт бойы әртүрлі жастағы қыздарды іздеп тауып, оларға толық құпиялылықты уәде ете отырып, клиенттерге “қызмет көрсеткені” үшін ақшалай сыйақы ұсынып отырған. Келісілген уақытта клиенттер келіп, қыздарды интимге тартқан, – деді ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Саунаны тінту кезінде полицейлер қолма-қол ақша, телефондар, клиенттер тізімі бар журналдарды және айғақтық маңызы бар басқа да заттарды тәркіледі. Осы дерек бойынша, полиция ҚР ҚК 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қостанай облысы ПД қызметкерлері “STOP-трафик” жедел алдын алу шарасы кезінде Қостанайда жезөкшелікпен айналысуға арналған орын ұсынған төрт массаж салонының иесін және Рудный қаласындағы бір сауна иесін анықтады. Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бәріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жаңалықтармен бөлісу