Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының хабарлауынша, ата-ананың бас тартуына байланысты, сәби белгіленген мерзімде екпе қабылдамаған.
Рудный қаласында баладан қызылша табылды. Ол таяуда Ресейде болып келген. Ал көршілес елде қызылшаға қатысты эпидемиялогиялық ахуал ушығып тұр.
Бұған дейін де қызылша жұқтырған екі жасар бала ата-аналарының қарсылық білдіруіне байланысты уақытылы егілмеген болатын. Мамандар тұрғындарды өте жұқпалы ауру саналатын қызылшаға қарсы екпе салдырудан себепсіз бас тартпауға шақырады.