Обыста аяздың көтерілуіне байланысты, 7 желтоқсанда сағат 18:00-ден бастап, республикалық маңыздағы тас жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды.
Атап айтқанда:
-«Жезқазған-Петропавл» А-16 тас жолының Арқалықтан Ақмола облысы шекарасына дейінгі 340-377 шақырымы;
— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» Р-36 тас жолының Тобыл қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі 8-232 шақырымы;
— РФ шекарасы (Екатеринбург бағыты)-Алматы» М-36 тас жолының Тобыл қаласынан СҚО-ға дейінгі 556-729 шақырымы;
— Аталған тас жолдың Қарабалық кентінен Қостанай қаласына дейінгі 418-539 шақырымы;
— «Мамлютин-Қостанай» А-21 тас жолының СҚО-дан Тобыл қаласына дейінгі 180-404 шақырымы дизельдік, қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылды.