Қостанай облысында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды

Қостанай облысында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды

Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымында өрттердің алдын алу және адам өлімін болдырмау мақсатында ауқымды іс- шара өткізді. 1 желтоқсаннан бастап “ Өрт қауіпсіздігі айлығы” басталды.

Акцияға газ қызметі және тұрғын үй инспекциясы өкілдері, еріктілер, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары қатысты. Олардың басты мақсаты – жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін тұрғындарға түсіндіру және ескерту жасау.

Іс-шара барысында қатысушылар Надеждин ауылдық округін қамтыды. Тұрғындармен диалог жүргізіп, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратты. Сондай-ақ, ауылда бірқатар үйлерге датчиктер орнатылып, мұржалар тазартылды. Бұл әрекеттер жылыту маусымында өрттердің алдын алу және адамдардың өмірін қорғау үшін маңызды қадам.

Облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау әр адамның жауапкершілігі екенін ұмытпаңыз!

Жаңалықтармен бөлісу