Қазақстанда NEET санатына кіретін 420 мың жас бар. Статистика мәліметтері осыны көрсетіп отыр. Оларды жұмысқа тартып, қоғамға қалай бейімдеу керек? Тұрақты жұмыстан неге қашады? Қостанайда өткен үш күндік семинарда мамандар осы сауалдарға жауап іздеді.
Жалпы, NEET санатындағы жастар дегенді қалай түсінуге болады? NEET деген қысқарған сөз ағылшын тіліндегі “Not in Empoloyment. Education or Training” ұғымды береді. Бұл “жұмыс істемейтін, оқымайтын, қысқаша айтқанда еңтеңемен айналыспайтын адам” деген ұғымды білдіреді.
Семинарға Республиканың әр аймағынан Жастар ресурстық орталығы мамандары шақырылды. Қатысушылар NEET санатындағы жастармен қалай жұмыс істеу керек жөнінді мағлұмат алды. Тренинг “Жастар саяси мектебі” жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
– Жыл сайын жоба аясында Қазақстанның 5 қаласында әртүрлі тақырыпта семинар-тренингтер өткіземіз. Ең алдымен тақырыпты анықтап алу үшін ЖРО мамандары арасында сауалнама жүргізіледі. Мамандардың жартысынан көбі осы тақырыпті өзекті деп санады. Сол себепті Қостанайға өзге облыстан да мамандар шақырылып “NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу” тақырыбында тренги өтті. Ұлттық статистика бюросының І тоқсандағы мәліметі бойынша Қостанай облысында 16 мың жас NEET санатына кіреді. Бұл орташа көрсеткіш. Өйткені, 20-30 мыңнан асып жығылатын облыстар бар. Санының артуына жастардың жасының 29-дан 35-ке дейін ұзаруы себеп, – дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Әлібек Әбенов.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ