Қостанай облысында мемлекеттік қызметтерге сұраныс артқан

Қостанай облысында мемлекеттік қызметтерге сұраныс артқан

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қостанай облысында екі миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның басым көпшілігі электронды нұсқада.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің деректеріне сәйкес, соңғы жылдары мемлекеттік қызмет алушылардың саны күрт өскен. Әсіресе, жер қатынастары, сәулет-қала құрылысы, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтерге сұраныс мол.

– Мысалға, биылғы жылдың бірінші тоқсанында екі миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Осыған орай, біз қызмет берушілермен бірігіп облыс бойынша мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізуге бел байладық. Іс-шараның мақсаты –  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және халықты кері байланыспен қамтамасыз ету. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі электронды нұсқаға көшірілді. Пайызға шаққандағы көрсеткіш 96-98%-тен асады. Қалған екі пайызы қағаз нұсқада. Болашақта аталған екі пайызды электронды нұсқаға көшіру жоспарланып отыр, – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Қабиева.

Қымбат ДОСЖАНОВА.

Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.

Жаңалықтармен бөлісу