10 Сәуір, 2025
Қостанай облысында дала өртеніп жатыр

Қостанай облысында дала өртеніп жатыр

Өрт Б.Майлин ауданының шекарасына жақын орналасқан далада басталып, желдің күшеюінен Әулиекөл ауданына таралған.

Қызыл жалынды сөндіруге 60-тан астам құтқарушы, 20-дан астам техника және орман шаруашылығы мен ерікті өрт сөндірушілерден құралған топтар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда, бірақ желдің күшеюі жағдайды қиындатып отыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрт әлі де толық сөндірілмеген. Құтқарушылар әр минут сайын ерікті түрде жұмыстарын күшейтіп жатыр.

“Құтқарушылардың басты мақсаты — өрттің жан-жаққа таралып кетпеуін бақылауда ұстау”, — деді департамент өкілдері.

Сурет әлеуметтік желілерден алынды.

Жаңалықтармен бөлісу