Қостанай облысында 7000 еділбай тұқымды қойға арналған жаңа мал шаруашылығы кешені іске қосылады

Қостанай облысында 7000 еділбай тұқымды қойға арналған жаңа мал шаруашылығы кешені іске қосылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны “AB Agro-KZ” компаниясы іске асырып жатқанын хабарлады.

Аталған ұжым 7000 бас қой өсірілетін мал шаруашылығы кешенін құрғалы отыр.  Жобаның құны – шамамен 500 млн теңге. Негізгі бағыты – мал шаруашылығындағы генетикалық әлеуетті жақсартуға ықпал ететін еділбай асыл тұқымды қойларды өсіру. Кешеннің жобалық қуаттылығы 1000 бас аналық мал мен 6000 бас біржолғы қой болмақ.

“Қазіргі уақытта жайылымдық жерлер үшін ауданы 3800 га жер учаскесі бөлінді. Жобаның бизнес-жоспары бойынша австралиялық технологиямен ұсақ малды ұстауға арналған  қора-жайлар салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.  Қойлардың асыл тұқымды мал басын жеткізушілермен алдын ала келісімге қол жеткізілді. Кешенді пайдалануға беру 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Жаңалықтармен бөлісу