Қостанай облысына Астана мен Алматыдан арнайы мамандар келді

Қостанай облысына Астана мен Алматыдан арнайы мамандар келді

Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасына Астана мен Алматы қалаларынан мамандар келді. Олар атыс қаруындағы өшірілген сәйкестендіру нөмірлерін қалпына келтіруге арналған заманауи бағдарламалық-аппараттық кешенді әкелді.

Жедел-криминалистикалық басқарма бастығының міндетін атқарушы Людмила Гарашова мұндай жоғары дәлдіктегі жабдықты енгізу қызметкерлердің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетінін және жүргізілетін криминалистикалық зерттеулердің сапасын арттыратынын атап өтті.

Беларусьтік Regula бренді әзірлеген бағдарламалық-аппараттық кешен магнитті-оптикалық әдіс бойынша жұмыс істейді. Бұл технология сәйкестендіру нөмірі әдейі өшірілген немесе бүлінген жағдайларда да белгілерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Жұмыс принципі нөмірді соғу кезінде металдың магнит өрісінің өзгеруіне негізделген. Белгі жойылса да, металдың құрылымында деформация іздері сақталады. Regula жабдығы осы өзгерістерді оқып, бастапқы нөмірді визуализациялауға мүмкіндік береді.

Regula компаниясының өкілі Игорь Стародубцевтің айтуынша, мұндай жүйелер халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылып, криминалистикада жоғары тиімділігін көрсетуде.

Полиция департаментінде заманауи технологияларды қолдану жедел-криминалистикалық бөлімшелердің мүмкіндіктерін арттырып, қарудың заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды неғұрлым жедел ашуға ықпал ететіні атап өтілді.