Қостанай облысы тұрғындарының назарына!

Қостанай облысы тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың арнайы жарлығымен 2020 жылы құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының Жобалық кеңсесінің бастамасымен «ХАЛЫҚ ЖАДЫ» атты 20 томдық жинақты баспадан шығаруды жоспарлап отыр.

Қостанай өңірлік комиссиясының ғалымдары Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының естеліктерін, 1920-1950 жылдары туған аға буын өкілдерінің, ата-бабаларының трагедиясын еске түсіре алатын куәгерлердің естеліктерін жинау мақсатында саяси қуғын-сүргін құрбандарының әр-түрлі санаттары бойынша:

– Бай, кулактар, жартылай феодалдар;

– Халық көтерілістері мен қарсылықтарына қатысушылар;

– Қуғын-сүргін және ашаршылық кезеңіндегі мәжбүрлі босқындар;

– ГУЛАГ лагерлерінің тұтқындары;

– Әскери тұтқындар;

– Жер аударылған мен арнайы қоныс аударылғандар;

– Дәстүрлі дін қызметкерлерінің өкілдері

және тағы басқа санаттар бойынша қуғындауға түскен құрбандардың ұрпақтарын өзінің ата-бабаларының тарихынан естелік айтуға шақырады.

Сонымен қатар, өз естелігін толыққанды айта алатын, жадында көптеген оқиғалар сақталып және құжаттық материалдары бар 1920-50 ж.ж. өмірге келген аға буын өкілдерінің естелігі бейнетаспаға түсіріледі.

Естеліктер Астана қаласында баспадан шығарылатын «Халық жады» атты жинаққа енгізіледі.

Мекен-жайымыз: Қостанай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 47, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің бас ғимараты, корпус 1б, 318-кабинет.

Байланыс телефоны: 87051869770, 87054463377

E mail: ismailov_7777@mail.ru  немесе mairusha_kuldinova@mail.ru

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия.

Жаңалықтармен бөлісу