Қостанай облысы «Qostanai Dala Festivali» агрофестивалін өткізуге дайындалуда   Фото: www.apk-inform.com

Қостанай облысы «Qostanai Dala Festivali» агрофестивалін өткізуге дайындалуда  

Егін орағы қарсаңында Қостанай облысының тұрғындары мен көршілес өңірлерден келетін қонақтарды этномәдени дәстүрлер мен заманауи агротехнологияларды тоғыстыратын ауқымды мереке күтуде.

30–31 шілде және 1 тамыз күндері Қостанай қаласының маңында «Qostanai Dala Festivali» агрофестивалі өтеді. Бұл – ауыл шаруашылығындағы инновациялық жетістіктер мен қазақ даласының бай мәдени мұрасын ұштастыратын бірегей алаң.

Ірі іс-шараны Қостанай облысының әкімдігі мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық көрмелер мен конференцияларды ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар қазақстандық «EXPO TIME» компаниясы бірлесіп ұйымдастырады.

Агрофестиваль бағдарламасы екі негізгі бағыттан тұрады.

Біріншісі – «Jańa Dala / Green Day ‘2026» Дала күні көрме-демонстрациясы, онда ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялар, инновациялық шешімдер мен заманауи техникалар таныстырылады.

Екінші бағыт – мәдениет пен ұлттық дәстүрлер мерекесі. Фестиваль қонақтарын концерттік бағдарламалар, ұлттық спорт ойындары, этноауыл, халықтық қолөнер көрмелері мен ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік беретін кең ауқымды мәдени іс-шаралар күтеді.

Агробизнес пен ұлттық мәдениетті тоғыстыратын ауқымды іс-шараға Қостанай облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мен жеткізушілер, фермерлер, агроқұрылымдардың мамандары, аграрлық ғылым мен білім беру ұйымдарының өкілдері, даму институттары, мемлекеттік органдар, сондай-ақ өңірдің шығармашылық ұжымдары мен өнер шеберлері қатысады.

«Jańa Dala / Green Day ‘2026» Дала күні көрме-демонстрациясының инновациялық бағдарламасы ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларын іс жүзінде көрсетуге бағытталған. Көрме аясында заманауи ауыл шаруашылығы машиналары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және басқа да инновациялық шешімдер таныстырылады.

«Мал шаруашылығы және агрономия» бөлімінде асыл тұқымды мал көрмелері ұйымдастырылып, селекциялық жетістіктер таныстырылады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптарын көрсетуге арналған тәжірибелік егіс алқаптары ұсынылады.

Іскерлік бағдарламада ауыл шаруашылығын цифрландыру, ветеринариялық қауіпсіздік және саланың өзекті мәселелеріне арналған конференциялар мен сарапшылық пікірталастар өтеді.

Фестивальдің ең қызықты іс-шараларының қатарында:

✓ «Қостанай облысының ең ауыр бұқасы» байқауы;

✓ «SKYWORKER» компаниясының ауыл шаруашылығы дрондарының жұмысын көрсету;

✓ «Автодом» компаниялар тобының жол талғамайтын көліктерінің тест-драйвы және бағалы сыйлықтар ұтысы;

✓ Қазақстанның солтүстік өңірлері ветеринария мамандарының II республикалық слеті;

✓ «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі, онда әр ауылдың бірегей өнімі таныстырылады;

✓ «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының» топырақ өңдеу технологияларының демонстрациялық көрсетілімі және ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктері ұсынылған тәжірибелік танаптар;

✓ «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан «Есіл» және CLAAS комбайндарын салтанатты түрде табыстау.

Фестивальдің мәдени-өнер бағдарламасы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, дәстүрлі мәдениетті насихаттауға және өңірдің шығармашылық әлеуетін танытуға бағытталған. Қонақтарды ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар, гастрономиялық шоулар және ашық аспан астындағы ауқымды мәдени іс-шаралар күтеді.

Бағдарлама аясында:

✓ Этноауыл – Қостанай облысының 90 жылдығына арналған киіз үйлер қалашығы. Мұнда өңірдің барлық аудандары мен қалалары өздерінің мәдениеті, салт-дәстүрі және жетістіктерін таныстырады;

✓ Agro Fashion Week Qostanay – шығармашылық индустрияны, ұлттық мәдениет пен заманауи сән үрдістерін ұштастыратын дизайнерлердің авторлық топтамаларының көрсетілімі;

✓ «QOSTANAI DALA GAMES» спорттық бағдарламасы – күш сынасу жарыстары, ауыл шаруашылығы тақырыбындағы отбасылық сайыстар және ұлттық спорт түрлері;

✓ Әртүрлі жастағы балаларға арналған интерактивті ойын алаңдары мен ойын-сауық бағдарламалары (қолөнер ойындары, «Fortune Wheel» сынағы, мотоцикл құрастыру, «Үлкен жарыс» және басқа да қызықты белсенділіктер);

✓ Өңірдің туристік әлеуетінің көрмесі – демалыс орындары, табиғи қорықтар, шипажайлар, SPA кешендері, туристік базалар және басқа да туристік нысандардың таныстырылымы;

✓ Ауыл шаруашылығы мамандықтарының білім беру бағдарламаларының тұсаукесері, онда қатысушылар шеберлік сабақтары мен кәсіби сынамалар арқылы аграрлық кәсіптермен тәжірибе жүзінде таныса алады.

«Qostanai Dala Festivali» агрофестивалі 2026 жылғы 30–31 шілде және 1 тамыз күндері «Қазақ тұлпары» ЖШС-нің демонстрациялық алқаптарында өтеді (Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Осиновка ауылы, Қостанай қаласынан Әулиекөл тасжолы бойымен 1 шақырым жерде, «7 миля» мотеліне қарама-қарсы).

Ұйымдастырушылар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және салалық сарапшыларды 2026 жылдың жазындағы өңірдегі ең маңызды аграрлық әрі мәдени оқиғалардың біріне қатысуға шақырады.

 

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов

Тел.: +7 701 460 91 82

e-mail: rinat_tas@mail.ru