Қостанай облысы прокуратурасының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Қостанай облысы прокуратурасының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Генерал Бакиров атындағы балалар лагерінде Қостанай облысы прокуратурасының қызметкерлері мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несебелі Басенованың Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесуі өтті. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және осы жылдың 26 маусымында облыс прокуратурасы өткізген «Жастар — әділ қоғамның іргетасы» форумы шеңберінде өтті .
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және оларға қатысты, оның ішінде жыныстық тиіспеушілікке қарсы кез келген құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құқықтық түсіндіру жұмысына «Қауіпсіздік мектебі» бірлестігінің жетекшісі Анастасия Волкова қатысты, онда тәлімгерлер мен балаларға қауіпсіздік негіздерін дәріптеу бойынша тренинг өткізілді.
Қостанай облысының прокуратурасы балаларда құқықтық сана негіздерін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл әр бала өзін қорғалған және болашағына сенімді сезінетін әділ қоғам құрудың маңызды қадамы.