Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы жаңа мекенжай бойынша жұмысын жалғастыруда

Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы жаңа мекенжай бойынша жұмысын жалғастыруда

Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85 мекенжайындағы бұрынғы облыстық филармония ғимаратының 1-қабатында Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істеп тұр.

Аталған орталық – мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасауға арналған орталықтандырылған алаң.

Облыс тұрғындарына:

мемлекеттік органға өтініш беруге;

әкімдіктің салалық басқармалары қызметкерлерінен кеңес алуға;

мемлекеттік органдар басшылығының жеке қабылдауына жазылуға болады.

Жеке қабылдаулар бекітілген кесте және жұмыс регламенті бойынша Орталықтың базасында өтеді.

Орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Анықтамалық ақпаратты облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінен 575-038, 575-084, 575-057 телефон нөмірлері бойынша алуға болады.

Жаңалықтармен бөлісу