Қостанай облысы әкімінің өкімімен Динара ИХЛАСОВА Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Динара Мырзалықызы бұған дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап Ерлан Олжабайұлы ТЕМЕНОВ Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.