31 мая, 2025
Қостанай мен Түркістан ақындарының командалық айтысы өтеді

Қостанай мен Түркістан ақындарының командалық айтысы өтеді

Жыр додасы 2 наурыз күн сағат 15:00-де Тәуелсіздік көшесі, 85 мекенжайындағы көрермен залында өтеді.

Айтысқа қос өңірдің танымал ақындары қатысып, қайым, түре, сүре және қыз бен жігіт айтысы секілді дәстүрлі өнер үлгілерін көрсетеді. Сонымен қатар, жыршы-термешілердің, әншілер мен күйшілердің де өнерін тамашалауға болады.

Қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етеді. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы ұйымдастырып отыр.

Айтысты тегін тамашалай аласыздар.

Келіңіздер, жерлестеріңізге қолдау білдіріңіздер!