Облыстық Полиция департаменті қос қала арасындағы автожол учаскесінде автокөліктің жылдамдығын сағатына 60 шақырымнан асуға тыйым салатын жол белгілері орнатылғанын хабарлады.
Бұрын бұл жерде сағатына 90 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген.
Бұл шешім жол-көлік оқиғаларының көбеюіне, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданды.
Өткен жылдың өзінде жоғарыда аталған автожолда 40 жол апаты болып, онда 2 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған.
Ведомство өкілдері жүргізушілерді жол белгілерінде көрсетілген жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауға шақырады.