Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы, Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі ертең «Дала дүбірі» атты концертін өткізеді.
Биылғы маусымашар концерт халық батыры, 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналып отыр. Мерекелік іс-шарада Д.Нұрпейісова, Ә.Еспаев, Б.Байқадамов, Ғ.Құрманғалиев, Е.Үсенов, А.Жайымов, Ш.Қорғанбекова, А.Мұздаханов, Қ.Деріпсалдин т.б. танымал композиторлардың тақырыпқа арналған туындылары орындалып, филармонияның жетекші солистері өнер көрсетеді.
Концерт Жастар сарайында 7 қыркүйек күні сағат 19.00-де басталады. Кіру тегін.