Қостанай ауданы бойынша жыл басынан негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 19,0 млдр теңгеге жуықтады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру құны 27,4 млрд теңгені құрады. 9 айда 60,1 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, бұл нәтиже өткен жылмен салыстырғанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 млрд теңгеге төмендеді. Ауыл шаруашылығы саласына техника мен жабдықтар сатып алуға 4,1 млрд теңге бағытталған. Бұл туралы аудан әкімі Берік Қуанышұлы өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз брифингінде айтып берді.
“Мемлекет басшысы өз жолдауында өнімді қайта өңдеуге баса назар аудару қажет екендігін атап өтті. Ауданда 5 диірмен, Затобол нан камбинаты, шұжық өнімдерін шығаратын 6 желі, 8 кондитерлік цех жұмыс істейді. Келесі инвестициялық жобалар аяқталу сатысында”,– дейді Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов.
Аудан әкімі халықты алаңдататын пәтер мәселесіне де тоқталып өтті. Оның мәліметінше, 37 мың шаршы метрден асатын тұрғын үйлер пайдалануға берілген.
Биылғы 1 қарашаға дейін орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 5,3 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,3% – құрап отыр.
“Қостанай ауданындағы тұрғын үй құрылысының болашағы шағын аудандар. Құрылыстың жалпы ауданы 176 гектарды құрайды. Бұл 1,0 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге және 60 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Осы аумақта сондай-ақ балабақшалар, 1200 орындық жайлы мектеп, көпсалалы аурухана, перинаталдық орталық, көпфункционалды спорт кешені және сауда–ойын-сауық орталығының құрылысы көзделген”, – деді әкім.
29 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі 13 ауылдық елді мекен мен Тобыл қаласына орнаылды. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды әзірге 38 ауыл пайдаланып отыр, оның ішінде 23 ауылға су арнайы тасылмалдануда.
“Мәскеу, Айсары, Половниковка, Владимировка ауылдарында сумен жабдықтау нысандарының құрылысы іске асырылып жатыр. Келер жылы «Озерное – Шишкинское – Воскресеновка 20 км» аудандық маңызы бар кірме жолды орташа жөндеуге 795,2 млн теңге бөлінді, биыл 10 шақырым жол жөндеу жұмыстары аяқталады”, – деді Берік Таңжарықов.
2024 жылға арналған жоспарға сәйкес Белозерка ауылына 695 млн теңге сомасына 17 км кірме жолға орташа жөндеу жүргізілетін болады. Сондай-ақ, алдағы жылдары 3 ауылға (Ульяновка, Рыспай және Жуковка) кірме жолдарды жөндеу жоспарланған. Осы жылы 668 млн теңге сомасына ұзындығы 5,1 шақырым елді мекендердің көшелеріне жөндеу жүргізілді. 2025 жылдың соңына дейін елді мекендердің 197 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жүргізілуі қажет.
Диана Батырбек