Бұл осы аймақта ашылған үшінші бөлме, қалған екеуі облыс орталығы мен Рудный қаласында жұмыс істейді.
Бөлменің ашылуы “Әйелдер күші альянсы” ҮЕҰ мен Қостанай облысы ПД бастамасы арқылы аудан әкімдігінің және жергілікті қала құраушы кәсіпорындар өкілдерінің қолдауымен жүзеге асырылды.
“Бұл бөлмеде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдермен және балалармен жұмыс істейтін болады. Біз олардың басынан өткерген барлық оқиғаларын қарастыруымыз керек. Жәбірленушіні диалог арқылы сөзге тарту өте маңызды, сондықтан мұнда қызметкерлерге толықтай сене алатындай барлық жағдай жасалған”, – дейді Әйелдер көшбасшылары клубының Қостанай аудандық филиалының төрайымы Сауле Касымова.
Бөлмеде жұмсақ жиһаз, компьютерлік техника және полиция қызметкеріне арналған жұмыс орны бар.
Департаменттегілер отбасылық-тұрмыстық профилактика мәселелерінде кешенді тәсіл қажет екенін айтып отыр.
“Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу тренингтері, оқыту семинарлары, сенім телефондары арқылы көмек көрсету түрінде үнемі жүргізіліп отырады. Бұл іс-шаралардың барлығы зардап шеккендерді ғана емес, агрессорларды да психологиялық түзетуге бағытталған”, – дейді Қостанай облысы ПД Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Гүлжанат Шаяхметова.
Қостанай облысының ПД өткен жылы өңірде отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды тіркеу 38% – ға төмендегенін атап өтті.