Қостанай ауданында ірі сүт-тауар фермаларының құрылысы қарқын алды

Қостанай ауданында ірі сүт-тауар фермаларының құрылысы қарқын алды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай ауданына жұмыс сапары барысында Владимировка ауылында салынып жатқан 400 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты.

«ДК Мақсат KZ» ЖШС директоры Алмат Еслямовтың айтуынша, жоба агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны 3,2 млрд теңгені құрайды. Ферма іске қосылғаннан кейін жылына 4380 тонна сүт өндіру жоспарланған.

Кәсіпорын 400 бас ірі қара малға есептелген. Құрылыс кезеңінде 35 адам, ал пайдалануға берілгеннен кейін 25 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ферманың атқарушы директоры Бақыт Есқалиев жүйенің толық автоматтандылғанын, жұмыс процесінің біртіндеп кеңейетінін айтты.

Өңір басшысы жобаның жүзеге асу барысымен танысып, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, заманауи технологияларды енгізу және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызын атап өтті.

“Бұл жоба Қостанай облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өңірдің сүт өндірісін ұлғайтуға елеулі үлес қосады. Әу бастан осы мал шаруашылғын дамыту бағытымен жұмыс істеп жатырмыз. Пайдасын да ел көре бастады. Екі жарым пайызбен сегіз жылға несие беріледі. 25 пайыз субсидия төленеді. Құрал-жабдық үшін де ол жағдай қарастылған. Мамандарды жергілікті жерден тарту керек”, – деді әкім.

Ауданындағы «Надеждинка» ЖШС-нің 1000 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасының құрылыс барысымен танысты.

Жоба аясында тәулігіне 30 мың литрге дейін сүт өндіру көзделген. Фермада жоғары өнімді голштин тұқымды сауын сиырлары өсірілмек.

Жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 4,2 млрд теңгеден асады. Құрылыс аяқталғаннан кейін 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығын дамыту, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және жаңа өндірістік жобаларды уақытылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Ферманың мал азығын дайындайтын цехымен танысты.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Қостанай ауданы