Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Алтын дән” мәдениет үйінің басты сахнасында қостанайлық әртістер мен танымал қазақстандық “Made in KZ” тобы Қостанай ауданының ханымдарын осы тамаша күнімен құттықтады. Аудан басшысы Олжас Нұрғалиев мерекелік іс-шараны аша отырып, көп балалы аналар, кәсіпкерлер немесе басқа салалар мен кәсіптердің өкілдері болсын, мемлекет экономикасын дамытудағы барлық әйелдердің рөлін атап өтті.
Салтанатты іс- шараның иелеріне өңір мен елдің өркендеуі мен дамуына қосқан үлесі үшін грамоталар табыс етті.
Марапатталғандардың арасында Қостанай ауданының прокуроры Карина Жақанова бар. Ол бала кезінен кім болғысы келетінін білді. Каринаның отбасында ұрпақтан-ұрпаққа құқық қорғау органдарымен байланысты мамандық таңдалады.
Сондықтан туыстары мен жақындары Каринаның таңдауын қолдаудан тартынбады. Ол жеті жылға жуық прокурор болып жұмыс істейді. Өзінің нәзік иығына жүктелген міндеттерді сәтті жеңе алды. Карина отбасына қамқорлық жасап, сүйікті хоббиіне уақыт бөледі.
Айбол Өміртай
ҚӨУ студенті