Астанада физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары Кирилл Ким мен Абылай Қабдулхадыр 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегерлері атанды.
Химиядан Менделеев олимпиадасы 2-6 мамыр аралығында Астанада өтті. Елордаға 21 елден келген мектеп оқушылары екі теориялық және эксперименттік турда өз білімдерін көрсету үшін жиналды.
Бірінші турда Кирилл мен Абылай күрделілігі бойынша мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келетін сегіз міндетті тапсырманы шешті. Екінші сынақта оқушылар әр бөлімнен: органикалық химия, физикалық химия, аналитикалық химия, бейорганикалық химия және тіршілік туралы бір тапсырманы орындау арқылы дайындықтарының жан-жақтылығын көрсетті. Олимпиаданың эксперименттік кезеңі қатысушылардың заттардың химиялық анализін жүргізе білу және ұсынылған әдіс бойынша синтезді жүргізу сияқты химиялық зертханада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Барлық сыннан мүдірмей өткен Зияткерлік мектеп оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Айта кету керек, 2023 жылдың наурыз айында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың алтын медалін Кирилл Ким жеңіп алса, Абылай Қабдулхадыр химиядан күміс медаль алған болатын.
Кирилл мен Абылайдың Менделеев олимпиадасындағы жеңісі тек өздері үшін ғана емес, мектебі, қаласы, бүкіл ел үшін тамаша жетістік.