Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған қаражат 37,2% өсті

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған қаражат 37,2% өсті

2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 610 млрд теңгеге жетті деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросынан.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37,2% артық (444,5 млрд теңге). Шығындардың ең көп көлемі Ақмола облысында тіркелді – 127,7 млрд теңге, бұл жалпы көлемнің 20,9% құрайды. Одан кейін Атырау (89,1 млрд теңге), Павлодар (59,4 млрд теңге) және Ақтөбе (51,2 млрд теңге) облыстары. Табиғатты қорғау қызметіне жұмсалған ең төменгі шығындар Жетісу облысында – 1,5 млрд теңге. Табиғатты қорғау шығындарының едәуір үлесі (97,2%) өнеркәсіп кәсіпорындары тарапынан болған. Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша энергия үнемдеу технологияларына және энергия тиімділігін арттыруға (жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда) жұмсалған шығындар жалпы көлемнің 33,2% құрады, қалдықтарды басқаруда – 21,6%, атмосфералық ауаны қорғау және климат өзгеру проблемаларында – 20%.

Толық оқу

Жаңалықтармен бөлісу