«Тобыл» футбол командасы ойын тізгінін алғашқы минуттан қолға алды.
Оң жақ қапталдағы қорғаушының рөлін атқарған Жаслан Жұмашев қарсы шабуылға ұмтылған «Астана» ойыншысынан допты әдемі тартып ала білді. Жартылай қорғаушы Ахмед Әл-Мессаудиге қиып тұрып пас берді. Ол керемет дриблингпен үш бірдей қорғаушыны қапы қалдырды. Сөйтіп ойынның 8 минутында есеп ашылды.
Сол қапталда жүрген Наурызбек Жагоров бірнеше ойыншыны алдап өтіп, шеберлік байқатты. Нәтижесінде оның қолмен қойған пасын шабуылшы Николай Сигневич сәтті пайдаланды. Ойынның 37 минутында Николай Сигневич дубль авторы атанды.
Алаң иелері ойынның сексен бесінші минутында есеп айырмасын қысқартты.
Қорытынды есеп 1:3. Жеңіс «Тобылда». Әзірге, қостанайлық команда 17 ұпаймен үздік үштікті тәмамдап тұр. Келесі тоғызыншы турда өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды.