Облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов “Amanat” партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Қала тұрғындары көтерген негізгі мәселелер білім беру мен еңбек дауларын шешуге қатысты болды.
“Қонай” шағын ауданынан келген өтініш берушілердің бірі 900 орындық орта мектеп құрылысының кешігуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, құрылыс 2021 жылы басталған. Бірақ құрылыс барысында заң бұзушылықтар мен олқылықтар болған. Салдарынан мектептің төбесі құлап, ғимараттың бір бөлігі бүлінген. Қала тұрғыны бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені бақылауды сұрады.
“Техникалық қорытынды алғаннан кейін іс Бас прокуратураға беріледі. Бұдан басқа, мемлекеттік құрылыс басқармасымен, құрылыс бөлімімен және техникалық қадағалаумен бірлесе отырып, мектеп құрылысына комиссиялық бақылау ұйымдастырылады.Кейбір мәселелер жедел шешім қабылдау мақсатында жеке бақылауға алынды”, – деді Сайлаубек Ещанов.
@kost.oblmaslihat