Қоғамның жастарды ортақ мүддеге жұмылдыруда ықпалы қандай?

Қоғамның жастарды ортақ мүддеге жұмылдыруда ықпалы қандай?

 

Халықаралық Жастар күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы «Жастар және қоғам: заманауи жастарға не қажет?» атты «QazTalks» ашық диалог алаңын өткізді.

 

Басқосуға партиялардың облыстық филиалдарының төрағалары, облыстың белсенді жастары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Іс-шараның модераторы Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев Жолдауда жарияланған реформаларды жүзеге асыруда партиялардың ықпал ететінін атап өтті.

 

–Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында саяси жаңғыртудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқарудағы рөлін арттыру екенін атап өтті. Бұл реформалар саяси жүйенің ашықтығын арттыруға және қоғамдық пікірді қамтамасыз етуге үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, саяси партиялардың негізгі мақсаты – халықты ортақ мақсатқа жұмылдыру, қоғамға пайдалы бастамаларды бастау және сайлаушылардың кең қолдауына ие болу, – деді М. Жұрқабаев.

 

Жиынға қатысқан жастар өз ойларын ортаға салып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосатынын айтты. Олар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қосымша ақпараттарға қанықты.

 

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

 

Әсел ҚИБАШ

 

Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.

Жаңалықтармен бөлісу