Қоғамдық психологтар көмекке келмек

Қоғамдық психологтар көмекке келмек

Полицейлер қоғам арасынан психологтарды тарту тәжірибесін қолданғалы отыр. Бұл туралы азаматтық психологтардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Ол тәжірибенің артықшылығы, ортада қызметкерлердің мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігі мол. Кәсіби, адамгершілік тұрғыда озық әдістерді қолдана отырып, қызметтерін бағалауға мүмкіндік береді. Жас полицейлерді жаңа ортаға біріктіруге көмектеседі.

 

– Қазіргі уақытта полиция жұмысында қолданылатын психологиялық білім мен технологияның өзектілігі қызметкерлердің кәсібилігін арттырады. Әсіресе, төтенше жағдайларда, жанжалдарды шешуде және коммуникативтік дағдыларды жетілдіруде көмегі көп, – дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

 

Қоғамдық сарапшылардың пікірінше, бұл моральдық тұрғыда ғана емес, сақшылардың қызметтерін орындау барысында да, үміткерлерді ерекше талаптарға жауап беретін лайықты жұмысқа тарту кезінде де таптырмас тәжірибе. Осылайша қазіргі жүйе тыңғылықты ойластырылған әрі жақсы реттелген рекрутингтік процедураны қажет етеді.

Полицейлер жұмыстарының функциялық моделін қалыптастыру үшін әлеуметтік саладағы қызметін түсінулері қажет. Бұл жерде әлеуметтік-ұйымдастырушылық әрекеттерді дамытып, халықпен үйлесімді іс-қимыл жасау дағдылары аса маңызды.

 

– Қызметкерлер үшін тәжірибеде қолданылатын психологиялық тренинг бағдарламаларының басым бөлігі арнайы курстарға, семинарларға және сараланған сипаттағы тренинг сабақтарына негізделуі тиіс, – дейді ПД психологы Дамира Мекебаева осы жөнінде.

 

Осылайша ПД персоналын, оның ішінде басшыларды оқыту процесіне азаматтық психологтарды тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жаңалықтармен бөлісу