А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-не жасушалық және молекулалық биология бойынша аспирантура бағдарламасы директорының орынбасары, PhD докторы, Арканзас университетінің доценті Аднана Али Халаф Алрубайе келді.
Сапар Орталық Азия университеттері серіктестігі (UniCEN) бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Бағдарлама бойынша шет елден келген ғалым бірінші күні Қостанай өңірлік университетінің басшылығымен кездесті. Қаладағы Ахмет Байтұрсынұлы және облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Электроэнергетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесе отырып, А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына өзінің жолдауын баяндады.
«Инженерлер үшін биология ғылымдары» тақырыбында дәріс оқу жоспарда бар. Сонымен қатар, «Improvement of Master’s Degree Programs in Kazakhstan Through the Use of Renewable Energy Technologies that Affect Poultry Production +» (Құс шаруашылығына әсер ететін жаңартылатын энергия технологияларын пайдалану арқылы Қазақстанда магистратура бағдарламаларын жетілдіру+) жобасы аясында «Жас Қанат» құс фабрикасына баруды көздеп отырмын, онда тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізу ойда бар,-дейді.
Мәдина МЕЙІРІМ,
ҚӨУ-нің студенті.