23 мая, 2025
«Қазгидромет» не дейді?

«Қазгидромет» не дейді?

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша  облысымыздағы боран желтоқсанның аяғына дейін созылмақ.
Ертең  облыстың барлық аумағында қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші секундына 15-25 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз -2,+3, түнде -2,-7 градусты көрсетіп қалуы ықтимал.
28 желтоқсанда да қар, бұрқасын, жел күтіледі (15-25 м/с). Ауа температурасы күндіз 0,-5, түнде 0,-5 градус шамасын болуы мүмкін.

29 желтоқсанда облыстың солтүстік-шығысында  қар жауып, боран соғады, жел 15-25 м/с күшейеді. Ауа температурасы күндіз -3-8, түнде -5-10 градус шамасында сақталады.

30 желтоқсанда жел басылып, боран саябырсиды.  Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -8-13 С
Жылдың соңғы күнін облыс тұрғындары үшін қолайлы болмақ.