Елден суыт хабар! Қазақ журналистикасының қара нары, әріптесіміз, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Жақсылық Жүнісұлы өмірден озды.
Жазушы-журналист Жақсылық Жүнісұлы 1943 жылы 1 қаңтарда Торғай селосында дүниеге келген. Еңбек жолын Жанкелдин аудандық атқару комитетінің нұсқаушылығынан бастаған. Кейін жазу қабілетіне қарай «Жаңа өмір» (соңғы жылдары «Біздің Торғай») газетінің редакциясына қызмет ауыстырған.
ҚазМУ-ден журналист мамандығын меңгерген бетте арнайы жолдамамен облыстық «Коммунизм таңы» (бүгінгі «Қостанай таңы») газетінің редакциясына жұмысқа қабылданған.
Ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, облыстық «Торғай таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редакцияның жауапты хатшысы, редактордың орынбасарлығына дейін жоғарылаған.
Марқұмның отбасына, жақын-жуықтарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.
Облыстық «Қостанай таңы»
газетінің ұжымы.