Қостанай облысының Қаржылық мониторинг агенттігі электронды тұтыну жүйелері (вейп), хош иістендіргіштер және оларға арналған сұйықтықтар сияқты шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынғанына қарамастан, елге вейп әкелуге қамданудың жолын кесті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлескен тексеру барысында 250 дана вейп табылды.
Whats App мессенджері арқылы сату мақсатында Қазақстан Республикасына Ресейден вейптер әкелген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
Оның пәтерін тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған 1 мыңнан астам электрондық тұтыну жүйелері тәркіленді.
“Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялануға жатпайды. Вейптерді қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, зейінін шоғырландыруға және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді. Балаңыздың қызығушылықтарына, ортасына және сатып алатын заттарына ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз”, – деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.