Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап қайда және қалай неке қияды?

Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап қайда және қалай неке қияды?

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ қазақстандықтар енді қалай және қайда некеге тұратынын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін АХАТ қызметі толығымен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына берілгені белгілі болған еді.

Мемлекеттік корпорация 2023 жылдың шілдесінен бастап АХАТ функциялары “Азаматтарға арналған үкіметке” берілетініне қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталықтарында некені тіркеу жүргізілмейтінін хабарлады.

“Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, шешімдер қабылдау және нәтиже беру (қағаз немесе электрон түрде неке қию туралы куәлік не цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру сақталады және Мемлекеттік корпорацияныңбэк-офистері деп аталатын АХАТ бөлімдерінің үй-жайларында қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады”, – деп түсіндірді “Азаматтарға арналған үкіметте”.

Бұл ретте некені тіркеу тәртібі “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 13 және 220-237-баптарымен және “азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларының” 78-86-тармақтарымен реттелген (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы).

Некеге тұрған адамдар өз қалауы бойынша салтанатты жағдайда тіркеуші органдардың арнайы жабдықталған үй-жайларында не арнайы тағайындалған мемлекеттік неке сарайларында тіркеле алады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорация неке қию үшін мемлекеттік баж төлемге ауыстырылатынын нақтылады.

Жаңалықтармен бөлісу